KZ

Бір автокөліктің ішіндегі 8 адам бірдей опат болды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 7 қаңтарда Орал қаласында №12 бағыт бойынша қатынайтын "ПАЗ-32054" автобусының жүргізушісі жүргіншілер өткелімен кетіп бара жатқан 1959 жылғы ер адамды қағып өткен. Соның салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.Дәл осы күні Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылынан 5 шақырым жердегі "Төртбөгет" бөгетінен "ЛУАЗ" автокөлігі табылды. Автокөлік ішінен 47 жасар жүргізуші мен оның 34 жасар зайыбы, 14 және 2 жасар қыздары, 48 жасар әйел, сондай-ақ Ақтөбе облысынан қонаққа келген 44 жасар әйел мен оның 1992 және 1997 жылғы екі ұлының, барлығы сегіз адамның мүрдесі шықты.

Олардың бәрі 2 қаңтар күні Күйгенкөлден Көлтабан елді мекеніне туыстарына кеткеннен қайта оралмаған.

Кеше Орал қаласында Достық даңғылы бойындағы "Арман" кафесі маңынан 1988 жылғы К. деген азаматқа тиесілі "ВАЗ-2104" автокөлігін белгісіз біреу айдап кетіп, ол ақыры жол бойындағы ағашқа соғылған. Жол полициясы қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, бұрын сотталған 23 жасар М-ны қолға түсірді.

Новости Казахстана
Бір автокөліктің ішіндегі 8 адам бірдей опат болды
Mailfire view pixel