KZ

Шығыс Қазақстанда өрттен қаза тапқандардың саны артып барады

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Шығыс Қазақстандағы қатты қыс кезінде өрттен қаза тапқандардың саны артып барады.

Артта қалған 10 күннің өзінде-ақ өңір бойынша 115 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау 6 адамның өмірін алып кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт оқиғаларының саны күрт артып кеткенін айтуда, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ол 13 пайызға көбейген.

Өрттердің басым бөлігі жеке үйлерде тіркеліп, оның негізгі себебі адами фактор болып қалып отыр.

Бұрынғыдай, көбінесе пештің дұрыс жағылмауы өрттің негізгі себебіне айналған.

Жағдайды қатты әрі ұзаққа созылған аяздар тіпті қиындатып жіберген.

10 күн ішінде ауа температурасы 30 бен 40 градус төмендікте сақталғандықтан, жеке үй иелері пешті үздіксіз жағып отырды.Қайғылы оқиға болған үйлерді көрген мамандардың айтуынша, қауіпсіздік ережелері ойдағыдай сақталса, апаттардың алдын алуға болар еді.

Новости Казахстана
Шығыс Қазақстанда өрттен қаза тапқандардың саны артып барады
Mailfire view pixel