KZ
Ақмола облысында тәулігіне 120 тонна ұн тартатын диірмен кешені іске қосылды
Новости Финансы

Ақмола облысында тәулігіне 120 тонна ұн тартатын диірмен кешені іске қосылды

Расказать Вконтакте

Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданының орталығы Шортанды қаласында тәулігіне 120 тонна ұн тартатын озық технологиялы диірмен кешені іске қосылды.

"Даржан Груп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа өндіріс орны аймақтық индустриялық-инновациялық жоба аясында шешімін тауып отыр. Осы мақсатқа 3,5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы қарастырылып, барлық құрылыс, құрастыру, сынақтан өткізу шаралары бір жылдың ішінде іске асырылды.

Қажетті қаражат "БанкЦентрКредит" акционерлік қоғамынан аймақтық "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие түрінде бөлінген.

Жаңа кешенде алдағы уақытта аймақтың астық өндірушілерінен келген өнімді тазарту, өңдеу, сақтау, ұн тарту жұмыстары кешенді түрде шешімін табатын болады. Кәсіпорын жергілікті жерден 60 адамды жұмысқа қабылдаған. Қазіргі болжамға сай олардың айлық орта жалақылары 45 мың теңге төңірегінде қалыптаспақ.

Озық түріктік жабдықтарды жетік меңгеруіне орай білікті мамандар арнайы дайындықтан өткізілген.

Жаңа диірмен кешенінің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Сергей Дьяченко құрылысшылар мен құрастырушыларға, іске кіріскен барша жұмысшыларға табыс тілеп, ел дәулеті үшін жемісті еңбек етулеріне ықыласты екенін жеткізді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии