KZ

Аршалы ауданында аз қамтылған отбасыларына 3,5 миллион теңгенің көмегі жасалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында өткен жылдың қаңтар-қараша айында аз қамтылған 111 отбасының тұрмыс -жағдайын жақсарту мақсатына 3,5 миллион теңге жаратылған.

Аудан әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, барлық қаржы көздерінен тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік қажеттілігіне 30 мың теңгеден көмек көрсетілген.

Оның сыртында 31 отбасына 1 миллион 217 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек жасалған. Ал, 18 жасқа дейінгі балалары бар 223 жанұядағы 495 жеткіншекке 4 миллион 734 мың теңге төленген.

Жыл ішінде "Жалпы білім" бағдарламасы аясында 14 отбасының бүлдіршіндеріне 301 мың теңге, білім алуды үйлерінде жалғастырып отырған 13 мүгедек балғынға 282,3 мың теңге көмек көрсетілген.

Сонымен бірге 102 отбасына тұрғын үй көмегі есебінен 858,5 мың теңге төленіп отыр. Мақсатты трансферт ретінде көп балалы отбасылардың 7 студентіне 701,6 мың теңге қаржылай қолдау жасалды.

Новости Казахстана
Аршалы ауданында аз қамтылған отбасыларына 3,5 миллион теңгенің көмегі жасалды
Mailfire view pixel