KZ

Өзбекстанда Қазақстандағы қысқы Азия ойындарына арналған маркалары шықты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап Өзбекстанда 7-ші қысқы Азиада ойындары. Астана-Алматы" атты арнайы екі жаңа пошта маркасы айналымға енгізілді.

Олар - мәнерлеп сырғанау мен фристайл спортына арналған, деп жазады Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары.Мәнерлеп сырғанауға арналған пошта маркасында мұздағы мәнерлеп билеу көрінісі бейнеленген, марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышында Астана мен Алматыда өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарының эмблемасы ресми түрде бекітіліп, өзбек тілінде латын қаріпімен "7-Qishki osiyo o'yinlari (Astana-Alma-Ata)" деген мәтін жазылған.Арнайы шығарылымдағы "Фристайл" екінші пошталық маркасында осы спорт түрінің үзінді бейнесі салынған, ал марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышынан 7-ші қысқы Азиа ойындарының эмблемасы мен "7-Qishki osiyo o'yinlari (Astana-Alma-Ata)" деген жазуды көруге болады.Бұрын хабарланғандай, Азиада ойындарының бағдарламасында спорттың 11 түрі бар. Байрақты бәсекеде әлемнің 30 елінен келген спортшылар бақ сынасады деп күтіліп отыр.

Новости Казахстана
Өзбекстанда Қазақстандағы қысқы Азия ойындарына арналған маркалары шықты
Mailfire view pixel