KZ

Елордада Ішкі істер әскерінің Орталық оркестрі мен Ән және би ансамблінің гала-концерті өтеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

10 қаңтар күні елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан Ішкі істер Министрілігінің Ішкі әскерінің Орталық оркестрі мен Ән және би ансамблінің гала-концерті өтеді.

Бұл ақпаратты ІІМ-нің баспасөз қызметі таратып отыр.Ведомствоның атап өтуінше, аталған гала-концерт Ішкі әскердің құрылған күні мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналмақ.Мәдени іс-шара бағдарламасына сәйкес концерт барысында әскери, заманауи эстрадалық әндер шырқалып, әлем халықтарының билері орындалмақ.

Сондай-ақ Бейбітшілік пен келісім сарайында Ішкі әскердің қызметтік-жауынгерлік қызметінен сыр шертетін фотокөрме де ұйымдастырылады.

Новости Казахстана
Елордада Ішкі істер әскерінің Орталық оркестрі мен Ән және би ансамблінің гала-концерті өтеді
Mailfire view pixel