KZ

ЕҰУ-де химия, экология, география, биология пәндері бойынша практикум өтеді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Үстіміздегі жылғы 10-15 қаңтар аралығында ЕҰУ-де химия, экология, география, биология пәндері бойынша қысқы мектеп /практикум/ өтеді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Мектептің форматы: университеттің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің зертханаларында дәріс оқылады және практикалық сабақтар өтеді.

Осы шара аясында студенттік семинар да болады.

Теориялық сабақтар мен тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін университеттің кафедралары мен ғылыми зерттеу институттарында жұмыс істейтін ең мықты ғалымдар таңдалған.Мектеп жұмысына 10-11 сыныптарда оқитын Астана қаласының оқушылары мен 1-4 курс оқитын студент, магистрант, докторанттар қатыса алады.

Новости Казахстана
ЕҰУ-де химия, экология, география, биология пәндері бойынша практикум өтеді
Mailfire view pixel