Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар не себепті жыныстық қатынасқа түседі?

Опубликовано:

Бельгиялық және нидерландиялық сексологтар зерттеу жүргізіп, адамдардың жыныстық қатынасқа түсу себептерін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы officiel-online.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: deswork.net
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: deswork.net: UGC

18-55 жас аралығындағы 4655 адамнан сауалнама жүргізген ғалымдар жыныстық қатынасқа түсудің бірнеше себептерін анықтады.

Сауалнамаға қатысқандардың дені "бұл көңілді әрі ләззат сыйлайды", "физикалық ләззат алғым келді" деген жауап қайтарған.

Респонденттердің арасында нәзік жандылар әлдеқайда эмоцияға беріле отырып, жауап қайтарған екен. 18-22 жастағы арулар жыныстық қатынасқа махаббатын көрсету үшін немесе өзін бағалау үшін түскендерін алға тартты.

Ал жігіттердің дені жыныстық қатынасқа серіктесі тартымды болған соң түскендерін сөз еткен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1726436-adamdar-ne-sebepti-zynystyk-katynaska-tsedi/

pixel