Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Алагөзова: Әйелдерді жақтаймын деп "қарабет" болдым

Опубликовано:

Атышулы Алагөзова өзінің әйел құқығын, теңдігін қорғаймын деп жүріп, ел алдында "қарабет" атанғанын мойындады деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Алагөзова. Фото: NUR.KZ
Баян Алагөзова. Фото: NUR.KZ: UGC

Продюсердің айтуынша, оның сөздерін тек ақылды адамдар ғана түсінеді екен.

"Өкінішке қарай, біздің еркектердің басым бөлігі үшін әйелдің қадірі жоқ. Кез-келген дамыған елге барыңызшы, әйелді адам ретінде, өздерімен тең көреді. Ал бізде әйел адам күйеуінің қас-қабағына қарап сөйлеу керек. Көңіл-күйі болмаса, көңілін көтеріп, тек жылы сөздер айту керек. Тамақ, балаларға қарау тек әйелдің мойнында. Міне, осындай принциппен өмір сүреді.

Ал әйелдің көңіл-күйіне кім қарайды? Кім жылы сөздер айтады? Ол ешкімге керек емес. Иә, дұрыс! Күйеуін құрметтеу керек. Бірақ бұл "әр айтқанына бағыну" деген сөз емес. Осы тақырыпты көтеремін деп, ел алдында "қарабет" деген атқа ие болдым. Десе де, бұл ұстанымымнан қайтпаймын", - деді Алагөзова.

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы өзінің үй тірліктеріне жақындамайтынын, барлығын қызметшілері жасайтынын мәлімдеді.

"Мен ешқашан ешкімге бағынбаймын. "Әйелдер еркектермен бір деңгейде болу керек" дегенді ұстанамын. Бірінші некемде де, қазір де сондай. Үй бикесі емеспін. Тамақ пісіріп, ыдыс жуу дегенге жақындамаймын.

Менің қолымнан жақсы келетіні – үй қызметкерлерін басқару. Асхана жұмысына араласпасам да, үйде күнбағыс майы не майлық болмай қалу, Тұрсынның киімі жуылмай, үтіктелмей қалу деген болмайды. Ескертуді екінші ретке дейін жеткізбеймін", - деп айтты продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726200-baan-alagzova-jelderdi-zaktajmyn-dep-karabet-boldym/

pixel