Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімнің отандық танымал актрисаға үйленетіні рас па?

Опубликовано:

Елімізге танымал актер Тәуекел Мүсілім мен «Қазақ аруы» атанған Гүлназ Жоланованың алдағы жылы шаңырақ көтеретіні рас па? Бұл жайында қос жұлдыз жауап берді деп хабарлайды «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім мен Гүлназ Жоланова. Фото: NUR.KZ
Тәуекел Мүсілім мен Гүлназ Жоланова. Фото: NUR.KZ: UGC

Олар әріптестерінің тағдырын қайталағысы келмейтінін алға тартып, дос екендерін мәлімдеді.

"Тәуекел менің досым. Төрт жылдан бері танимын. Жақсы араласамыз. Оның үстіне үш жылдан бері жүргізуші боламыз. Фильмге бірге түсеміз", - деді Жоланова.

Ал Тәуекел: "Екеуіміз дос ретінде араласамыз. Біздің дуэтіміз сәтті шығады. Гүлназға адам ретінде риза боламын. Ал өзім биыл шетелге барып, өнерімді дамытамын. Ал келесі жылы бұйырса, шаңырақ көтерсем деп ойлап отырмын. Болашақта келіншегімді жасырмаймын. Ал әзірге құпия", - деп шынын айтты Тәуекел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726081-tuekel-msilimni-otandyk-tanymal-aktrisaga-jlenetini-ras-pa/

pixel