Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ғашығын тақырға отырғызған жігіт қарызын қайтаратын болды

Опубликовано:

Сүйіктісіне сегіз жүз мың теңге көлемінде несие алдырып, кейін ізім-ғайып жоқ болған астаналық «альфонс» сот шешімімен ақшасын қайтаратын болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

NUR.KZ порталында осыдан біраз уақыт бұрын сүйіктісіне 800 мың теңге көлеміндегі несие алдырып, артынша ізім-ғайып жоқ болған азамат туралы мақала жарияланған болатын.

Кейін алаяқтың отбасылы жан екені, тіпті, қызы бар екенін белгілі болған еді.

Содан бері, айлакер азамат ананы-мынаны сылтау етіп, ақшасын күні бүгінге дейін қайтармаған-ды.

Мәселеге тек құзырлы органдар араласқаннан кейін ғана іс оң шешімін тапқан.

«Қалалық ішкі істер департаменті істі жапқаннан кейін сотқа жүгінуге тура келді. Сөйтіп, Астанадағы Есіл аудандық сотына барып, оның үстінен арыз жаздым. Сот алаяқтың маған 770 мың теңге көлеміндегі ақшаны қайтаруы туралы шешім шығарды. Өзі де, анасы да, тіпті, туған-туыстары да біледі. Ұяттары болса қайтарады деген ойдамын», - дейді алаяқтың үстінен шағым жазған бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726078-astanada-gasygyn-takyrga-otyrgyzgan-zigit-karyzyn-kajtaratyn-boldy/

pixel