Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы сұлулығымен "Қазақстан аруларын" шаң қаптырды (видео)

Опубликовано:

Сұлулық байқауының финалына өткен жігіт "Қазақстан аруы" байқауының жеңімпаздарына баға беру үшін телебағдарламаға шақырылған еді. Тікелей эфирде өткен ток-шоу кезінде арнайы Мәскеуден келген Илай Дягилов ең сұлу ару ретінде Ләйлә Сұлтанқызын таңдаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы сұлулығымен "Қазақстан аруларын" шаң қаптырды (видео)
Ләйлә Сұлтанқызы сұлулығымен "Қазақстан аруларын" шаң қаптырды (видео): UGC
«Мені қазақстандық әйелдердің сұлулығын бағалау үшін ең әдемі қызды таңдауға жиі шақырады. Бұл жерде соңғы жылдары ең сұлу атанған арулар жиналған екен. Олардың барлығы әдемі. Алайда меніңше жан дүниесінің сұлулығы мен сырт келбетінің әсемдігі үйлесуі керек. Сондықтан ең сұлу әйел, меніңше, Ләйлә Сұлтанқызы - сіз", - деген жігіт тележүргізушіге бір құшақ гүл сыйлады.

Қатты таңданған Ләйлә Сұлтанқызы оның бұл сөзінен қысылып, бетін жауып алды. Ал көрермендер болса, тележүргізушіге қошемет көрсетіп, қолдау білдірді.

Илай Дягилевтің айтуынша, ол Ләйләнің тұлғалық қасиеттеріне тәнті екен. Ол өз тілінде әдемі сөйлеп, елге жағымды әсер сыйлайды дейді ол. Сонымен бірге ол өзге қыздарға тележүргізушіні үлгі етті.

Еске салсақ, алматылық жігіт қыз болып киініп, Miss Virtual Kazakhstan байқауының финалына өтіп кеткен болатын.

Ол өзі қатысқан байқаудың финалистерін сынға алғаны белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1725746-ljl-sltankyzy-slulygymen-kazakstan-arularyn-sa-kaptyrdy-video/

pixel