Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасы 40-тан асса да жас қыздай көрінетін Баян сұлулығының сырымен бөлісті

Опубликовано:

Елімізге танымал продюсер Баян Алагөзова 40-тан асса да жас қыздай көрінуінің құпиясымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жасы 40-тан асса да жас қыздай көрінетін Баян Алагөзова өз құпиясымен бөлісті. Фото: Instagram
Жасы 40-тан асса да жас қыздай көрінетін Баян Алагөзова өз құпиясымен бөлісті. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында продюсер Instagram парақшасында жазды.

«Сұлу болу жалқауларға тән емес. Менен көбісі «Қалай өзіңіздің сұлу қалпыңызды сақтайсыз?» деп сұрайды. Ал мен еңбектенбесең жас қалпыңды сақтау мүмкін емес деймін. Ең алдымен күніне таңертең және кешкісі 20 рет отырып-тұрып жаттығу жасаңыз.

Сондай-ақ тәттімен, ащымен, қуырылған тамақтармен қош айтысыңыз. Газдалған сусынды да ішпеңіз. Ыдысыңыздағы тамақтың тең жартысын жеңіз. Күніне екі литрден астам таза су ішіңіз», - деді Алагөзова.

«Қысқасы сұлулыққа шыдамсыздардың қол жеткізуі екіталай. Басты есте сақтайтын қағидаңыз: ешкімді күндемей, қызғанбай, өзгелер үшін қуану болсын. Сонда жүзіңізден нұр шашып тұратын болады», - деп жазбасын аяқтады продюсер.

Ал желі қолданушылары өздерінің қандай ережелерді ұстанатынын айтып, Мақсатқызының кеңесіне алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724578-zasy-40-tan-assa-da-zas-kyzdaj-krinetin-baan-slulygyny-syrymen-blisti/

pixel