KZ
Еуропа парламенті Беларустегі оппозиция басшыларын босатуға шақырды

Еуропа парламенті Беларустегі оппозиция басшыларын босатуға шақырды

Расcказать Вконтакте

Еуропа парламентінің президенті Ежи Бузек Беларусте оппозицияның қудалануын тоқтатуға шақырып, оппозициялық президенттік үміткерлерді тезарада қамаудан босатуға шақырды.

Беларусь билігі бес кандидатқа қараша айындағы президент сайлауынан кейін Минскіде болған "толқуларға қатысы бар" деген айып тақты.

Егер олар айыпты деп табылса, 15 жылға дейін қамалуы мүмкін.

Батыс елдерінің бақылаушылары мен үкіметтері Беларустегі сайлауды сынап, наразылық танытушылардың қудалануын айыптап отыр.Сайлауда президент Александр Лукашенко төртінші мерзімге қайта сайланды.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel