KZ
Өзбекстан парламенті темекі тартуға, алкоголь ішуге тыйым салады

Өзбекстан парламенті темекі тартуға, алкоголь ішуге тыйым салады

Расcказать Вконтакте

Өзбекстанда қоғамдық орындарда темекі тартуға және алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынады. 

Өзбекстанның олий мәжілісі (парламенттің төменгі палатасы) "Алкогольдік және темекі өнімдерін тарату мен пайдалануғы шектеу қою туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп парламент баспасөз қызметінен хабарлады."Құжат жасы 20-ға толмағандарға қоғамдық орындарда темекі тартуына және алкогольдік ішімдік ішуіне тыйым салады. Аталған жас мөлшері алкогольдік ішімдіктер мен темекі жас буынның репродуктивтілігіне теріс әсерінен шығарылып отыр. Ол келешекте дүниеге дені сау ұрпақ келтірудің кепілі", - дейді баспасөз қызметінен.Құжат Өзбекстан президентінің 2010-шы жылға арналған "Жас буынның үйлесімді даму жылы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысының негізінде әзірленді. Заң қазір сенатқа тапсырылды.Өзбекстанда қыркүйекте темекі мен алкогольдік ішімдіктердің барлығының жарнамасына тыйым салынған болатын.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel