KZ
Алматыдағы кеңседен 15 млн тенге ұрлаған 2 азамат ұсталды

Алматыдағы кеңседен 15 млн тенге ұрлаған 2 азамат ұсталды

Расcказать Вконтакте

"Рамстор" гипермаркеттен ақша ұрлаған Түркияның 2 азаматы ұсталды.

Алматыда Фурманов пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында орналасқан "Рамстор" гипермаркетіндеқаржыгерлердің кабинетін бұзып, 2 сейфтен Т15 млн ұрлап кеткен Түркияның 2 азаматы ұсталды. Бұл туралы агенттікке жұма күні қалалық ІІД хабарлады.Ақпаратқа сәйкес, Алматыда және Алматы облысында уақытша тұрып жатқан 26 және 30 жастағы азаматтардан ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.Полицияның нақтылауынша, ұрылар қабырғаны тесіп, кабинетке кірген.Шетелдіктер ғимараттардың құрылысы мен оларды жөндеуге маманданған ЖШС-тердің бірінде жұмыс істеген.Екеуі де қамауға алынды, оларға қатысты ҚР ҚК 175 бабының 3 бөлімінде қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.Бұрын хабарланғандай, өткен дүйсенбі күні түнде "Рамстор" сауда желісінің Алматыда Фурманов пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысындағы гипермаркет ғимаратының 2-ші қабатындағы кеңседен Т15 млн ұрланған.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel