KZ
Семейде макарон өнімдерін шығаратын жаңа цех ашылды
Новости Финансы

Семейде макарон өнімдерін шығаратын жаңа цех ашылды

Расказать Вконтакте

"Семей тағам өнімдерінің комбинаты" макарон шығаратын цех ашты, деп хабарлайды кәсіпорын.

"Кәсіпорынды модернизациялау және кеңейту жөніндегі инвестициялық жоба бойынша цехты ашу бізге қосымша 30 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жаңа жылға қарай біздің өнім облыс дүкендеріне түседі" - деп мәлім етті комбинат директоры Нұрлан Жүсіпов.Өндірістің жоспарланған қуаты – сағатына 800 кг макарон. Жаңа өндірісті құру мақсаты – ЖШС өндірісінің номенклатурасын арттыру және кәсіпорынның нарықтағы үлесін сақтау."Біздің қызметіміздің негізгі түрі – тағам өнімдерін өндіру нарықта алдыңғы орындардың бірі жаулап алды. Және біз өз орнымызды босатпақ емеспіз. Біз нан-тоқаш, кондитер, сүт өнімдерін шығарамыз", - деді Н.Жүсіпов.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии