KZ
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 300 жыл

Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 300 жыл

Расcказать Вконтакте

Қазақтың ұлы ханы Абылай 1711 Қоян жылы дүниеге келді.

1579 - Иасы қаласы Хақназар ханның ие­лі­гіне өтіп, қазақ хандығының аста­на­сына айналды.1663 - Қоғам қайраткері, атақты шешен, ой­шыл Төле би Әлібекұлы дүниеге келді.1699 - І Петрдің жарлығымен Жаңа жылды той­лау батыс елдеріндегідей 1 қаңтарға ауыстырылды.1711 - Қазақ еліне көз алартқан жоңғарлар­дың алғашқы жорығы басталды, қазақ ба­тыр­­ла­ры тізе қосып, жауға күйрете соққы бер­ді. Қазақтың ұлы ханы Абылай (Әбілман­сұр) Уәлиұлы дүниеге келді.1723 - Халқымыздың басына "Ақтабан шұбы­рынды, алқакөл сұлама" зұлматы төнді.1735 - Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Орынбор қаласының іргесі қаланды.1771- Әбілмәмбет хан дүние салған соң, ха­лық Абылайды ақ киізге орап, хан кө­тер­ді. Еділ қалмақтары мен Абылай хан бас­та­ған қазақ қолы арасында қырғын соғыс бол­ды.1783 - Қазақ ауылдарын аяусыз шапқан казак-орыс атаманы Чагановтың жасағын Сырым Датұлы әскері ойсырата жеңді.1795 - Қазақтар қатыгездігі шектен шыққан Уәли хан Абылайұлын тақтан алу туралы өті­ніш жасады.1807 - Орыс отаршылдығына қарсы бас кө­терген қазақтың әйгілі батырларының бірі Есет Көтібарұлы дүниеге келді.1843 - Қазақтың әйгілі әнші-ақыны, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы дүниеге келді.1867 - Патшалық Ресей қазақ жерін бас­қару­дың жаңа "Уақытша ережесін" шығарды. Елде "Жалпақ қоян жұты" аталған нәу­бет басталды.1879 - Қазақ елін қан қақсатқан Иосиф Вис­сарионович Сталин дүниеге келді. "Үлкен қоян жұты" болды.1891- Елде тағы бір алапат қуаңшылық бо­лып, ол "Кіші қоян жұты" аталды.1939 - Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.1975 - Алматыдағы 28 гвардия­шы-панфилов­шылар атындағы саябақта әйгілі Даңқ ме­мо­риалы ашылды.1987 - КСРО-да қайта құру реформасының белсенді фазасы басталды. Қазақстан компартиясы ОК мен Қазақ КСР-інің "Республикада қазақ тілін мең­геру­ді жақсарту туралы" және "Респуб­ли­када орыс тілін меңгеруді жақсарту туралы" қау­лылары қабылданып, қазақ тілі қол­данысын кеңейтуге қатысты алғашқы қа­дам­дар жасала бастады.Қазан төңкерісінің соңғы мерейтойы – 70 жылдығы аталып өтті. Республикада алғашқы ВИЧ-ин­фек­циясы дерегі тіркелді.1999 - Қазақстан Республикасы Президентін сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды. Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет халық санағы өтті, оның қорытындысы бойынша, елде 14 953 100 адамның тұратыны және ха­лықтың 1989 жылғы көрсеткішіне қара­ған­да 7,7 пайызға азайғаны байқалды.  Еліміздегі негізгі мұсылмандық ме­ке­мелердің бірі Алматы Орталық мешіті ашыл­ды. Алматы халықаралық әуежайында ала­пат өрт болып, ғимараттың 6000 шар­шы метр аумағы жанып кетті.Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жыл­дығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ше­шім шығарылды.Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жыл­дығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту туралы ше­шім шығарылды.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel