KZ
2011 жыл Қазақстанның ипотекалық несие нарығы үшін оңтайлы жыл болады
Новости Финансы

2011 жыл Қазақстанның ипотекалық несие нарығы үшін оңтайлы жыл болады

Расказать Вконтакте
2011 жыл Қазақстанның ипотекалық несие нарығы үшін оңтайлы жыл болады

Қазақстан ипотекалық компаниясының өкілдері осындай мәлімдеме жасап отыр.

Мұндай болжам жасуға биыл жылдың ортасынан бастап байқалған сұраныс негіз болады, дейді мамандар. Сарапшылар пікірінше, келер жылы ескі үйлерге деген сұраныс артып, аталған нарықта көп операция болмақшы.

Ал жаңа үйлердің сатылымы осыдан 4-5 жыл бұрынғыдай қарқынды болмайды. Өйткені дағдарыс кезінде құрылыс компанияларының көпшілігі жабылып қалды. Яғни, нарықта қалған мердігерлер жалпы сұранысты қанағаттандыра алмауы мүмкін. Сол себепті ипотека алушылардың саны да аса көп бола қоймайды. Мұндай үрдіс Алматы, Астана, Атырау сияқты ірі қалаларда байқалады.Азамат Ибадуллаев, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы: - 2007 жылдың жартысынан 2010 жылдың ортасына дейін экономикалық кризис осы елдің әр азаматына әсер етіп отыр. Ол екі жарым жылдан бері біз ешқандай көтерілім түсіп кеткен операциялар жүргізген жоқпыз тоқтап тұрдық. Енді 2010 жылдың жартысынан бері жайлап көтеріліс көріп отырмыз жайлап.

2010 жылдың жартысынан бері жайлап көтеріліс көріп отырмыз

Жыл басынан бері Қазақстан ипотекалық компаниясы 64 млрд. теңгенің несиесін берген. Бұл дегеніміз 22 мың 700 қазақстандық өз баспанасына қол жеткізді деген сөз.Азамат Ибадуллаев, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы: - ҚИК құрылғаннан бері ипотека жүйесі жұмыс істегелі бері сол жүйеге салынған инвестиция 139 млрд. теңгеден көп болып саналады. Оның ішінен 48 млрд. 747 млн. көп несиелер мемлекеттік құрылыс үй бағдарламасымен жіберілген ақша. Ол ақшамен біз 16 мыңнан көп Қазақстан азаматтарына несие бердік.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии