Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлігін батпаққа батырып алған жүргізуші желіде талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Желіде темір тұлпардың тұтастай балшыққа малынып, алдыңғы әйнектерін батпақ басқан видео тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram әлеуметтік парақшасындағы zhest_kz паблигінде автокөліктің тұтасымен батпаққа малынған видеосы пайда болды.

Бейнежазбада көлік жүргізушісінің темір тұлпардан түсіп, алдыңғы терезелерін батпақтан тазалап жатқаны байқалады.

Сондай-ақ, жазбада оқиға Атырау өңірінде орын алған деп көрсетілген.

Желі қолданушылары болса, бейнежазбадағы жайтқа қатысты өздерінің түрлі пікірлерін қалдырған. Олардың дені «елімізде осындай жолдар болса ұят, жетісіппіз» деген сияқты пікірлер құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719526-kligin-batpakka-batyryp-algan-zrgizusi-zelide-talkyga-tsti-video/

pixel