Ұлды болуды армандаған Заттыбек халықты көкпар ойнауға шақырды (видео)
Опубликовано:
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің Instagram парақшасында көкпар ойынын ұйымдастырып жатқанын айтып, жарияға жар салды деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші шаңырақ көтергеннен кейін 10 жыл күтіп, Айзере есімді қыздың әкесі атанған еді.
Жасы қырыққа таяған шағында ұлды болуды армандаған ол енді көкпар ойынын өткізбекші екен.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода есімі белгісіз азамат әншіге "Заттыбекке артынан ерер дана берсін.. Ұрпаққа ұрпақ қосылсын.. Тауық жылы Заттыбек пен келінге ақ маңдайлы бала берсін.. Көкпары көкпарға жалғассын", - деген тілек айтуда.
Әнші Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырып жатқан көкпарына үш бірдей автокөлік тігетінін және әр салымға 100 мың теңгеден беретінін айтып, халықты ұлттық ойынға қатысуға шақырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719509-ldy-boludy-armandagan-zattybek-halykty-kkpar-ojnauga-sakyrdy-video/