Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермек Тұрсынов: Өзім туралы кино түсіретін Қайрат Нұртас емеспін

Опубликовано:

Белгілі режиссер, «Келін», «Шал», «Кемпір», «Жат» фильмдерінің авторы Ермек Тұрсынов эстрада әншілері түсірген фильмдерді сынап тастады деп хабарлайды jasqazaq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ермек Тұрсынов и Қайрат Нұртас. Фото: NUR.KZ
Ермек Тұрсынов и Қайрат Нұртас. Фото: NUR.KZ: UGC

Режиссер өз сөзінде өнер иелерінің түсірген фильмдеріне көңілі толмайтынын айтып, Қайрат Нұртастың «Өкініш» фильмін сынға алды.

«Қайрат Нұртас пен Бүркіт кино түсіріпті деген соң, қарағым келген. Бірақ 2-3 минут қана көруге шыдадым жетті. Өзім туралы кино түсіретін Қайрат Нұртас емеспін. Бесіктен белі шықпаған Қайраттікі не «Өкініш»? Менің өткен өміріме өкінішім жоқ», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ермек Тұрсынов Қазақстан кинематографияшылар одағының басқарма басқарушысы ретінде тағайындалған болатын. Қайрат Нұртас өткен жылдың соңғы айында он жыл жасырған келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованы «Арман» фильмі арқылы көпшілікке таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719486-ermek-trsynov-zim-turaly-kino-tsiretin-kajrat-nrtas-emespin/

pixel