Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада ойнаудан бас тартты

Опубликовано:

Елімізге танымал актер Азамат Сатыбалды жарымен бір сахнада ойнаудан бас тартты. Бүгінде ол Назгүл Қарабалинамен бөлек тұрады деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды жұбайымен. Фото:Tengri MIX
Азамат Сатыбалды жұбайымен. Фото:Tengri MIX: UGC

Бүгінде актер Алматыда тұрақтаса, актриса Назгүл Қарабалина бас қаланы мекен етіп жүр. Жұлдызды жұптың жанұясында орын алған өзгерісті Азамат Сатыбалды түсіндіріп берді.

«Биыл Назгүл екеуміздің отбасы болғанымызға міне 15 жыл болды. Ал, «Махаббат дастанының» жүргеніне 17 жыл болды. Назгүлге арнап бір сценарий туатын болса, сценарий дүниеге келетін болса, неге оны жеке түсірмеске? Бірақ, мен өзім партнер ретінде Назгүлмен ойнамаймын», - деді актер.

Бүгінде Азамат жеке театрымен қатар, кинонарыққа білек сыбана кіріссе, Назгүл ханым отандық шоу-бизнестегі бірнеше музыкалық жобаларға жетекшілік етіп жүр. Ол қос астанада кәсібін қатар бастағандықтан, Алматыға шұғыл шаруасы туындаса ғана келеді екен.

Сондай-ақ, биыл Азамат пен Назгүлдің театр сахнасында серіктес қылған «Махаббат дастаны» спектаклінің 100-ші қойылымы өтті. Әрі ерлі-зайыптылар Қозы мен Баянды соңғы рет сахнада сомдады.

«Назгүлдің өзінің жолы бар, өзінің сүрлеуі бар. Менің өзімнің жолым бар. Кейде бір-бірімізге қарама-қайшы, кері әсер беретін сияқты болып тұрамыз. Сондықтан да жеке дара өскеніміз, өнгеніміз дұрыс қой деп ойлаймын», - деп сөзін аяқтады Азамат Сатыбалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719453-azamat-satybaldy-zbajymen-bir-sahnada-ojnaudan-bas-tartty/

pixel