KZ
Ұлттық банк "Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012" шақасын шығарды
Новости Финансы

Ұлттық банк "Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012" шақасын шығарды

Расказать Вконтакте

Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік "Еркін күрес. Олимпиада ойындары-2012" шақасын айналымға шығарды.

Шақаның бет жағында (аверсінде) төменгі бөлігінде стадионның стильдендірілген бейнесімен көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1g" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін "2010" деген сан жазылған. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға орналастырылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар.Шақаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде еркін күрестен сайыс кезіндегі екі палуанның бейнесі. Төменгі бөлігінде Олимпиада ойындары өткізілетін жылды білдіретін "2012" деген сан орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра ағылшын тілінде "OLYMPIC GAMES" деген жазу орналастырылған.Қыры бедерлі. Шақа 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61мм, "proof" сапасымен дайындалған, ең көп таралымы - 12 мың дана (3 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығы үшін).

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии