KZ
Үкімет Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі жоспарды тағы 10 жылға ұзартпақ
Новости Финансы

Үкімет Жаңаөзеннің әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі жоспарды тағы 10 жылға ұзартпақ

Расказать Вконтакте

Жаңаөзен қаласының 2012-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасының жоспары жүзеге асырылуда.

Үкімет Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі кешенді жоспарды тағы 10 жылға ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Жыл сайын қалаға 15 миллиард теңгеден астам қосымша қаржы бөлініп отыр.

"Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осындай шешім қабылдады. Біз мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жақын арада Жаңаөзен қаласының 2012-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасының жоспарын әзірлеуіміз керек",- деді Қ.Көшербаев. Әкімнің айтуынша, Жаңаөзен депрессиялық және проблемалы қаладан әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің бәрі шешілген қалаға айналып келе жатыр.

Жаңаөзен депрессиялық және проблемалы қаладан әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің бәрі шешілген қалаға айналып келе жатыр.

"Жағдайдың жоқтығымен, әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымдардың жетіспеушілігімен, шешімін таппаған проблемалармен байланысты халықтың кезіндегі наразылықтары ұмытылып келеді", - деді облыс әкімі. Аймақ басшысы сондай-ақ, жыл сайын қалаға 15 миллиард теңгеден астам қосымша қаржы бөлініп отырғанын атап өтті. Қалада әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспар жүзеге асырылуда.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии