Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар рак клеткаларының таралуына қарсы тиімді дәрі жасап шығарды

Опубликовано:

Ғалымдар рак ауруына шалдыққан организмдегі метастаздармен күресудің тиімді жолын тапты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар

Калифорния университетінің ғалымдары рак жасушаларына химиотерапияда қолданылатын препарат – паклитакселді тасымалдаудың жаңа әдісін ойлап тапқан.

Препарат метастаздардың түзілуіне әсер ететін EphA2 онкогенімен күресетін 123B9 молекуласымен толықтырылды. 123B9 қатерлі ісік жасушаларын жояды.

Ғалымдар бұл препаратты сүт безі рагына шалдыққан тышқандарға салып, сынап көрген. Нәтижесінде кеміргіштердің өкпелерінде матестаздардың өсуі тоқтады. Ал тек паклитакселмен емделген тышқандарда өзгеріс байқалмады.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл препарат әлі көптеген клиникалық тексерістен өтеді. Десе де, тексерісті талап еткеніне қарамастан, ғалымдар оның рак ауруымен күресуде пайдасы зор екеніне сенімді.

Метастаздар дегеніміз — рак ауруының екінші ошағы. Көбінесе метастаздар лимфа түйіндерінде, өкпеде және бауырда пайда болады. Ісіктің дәл осы түрлері науқасты өлімге әкеліп соқтырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1719129-galymdar-rak-kletkalaryny-taraluyna-karsy-tiimdi-dri-zasap-sygardy/

pixel