KZ

Қазақстанда кибер спорт түрлерінен он-лайн турнир өтті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

"Мегалайн Челендж" ойынына 70-тен астам команда қатысып, бақтарын сынады.

Осымен үшінші жыл қатарынан еліміздің геймерлері КонтрСтрайк бойынша он-лайн турнирге қатысты. Жалпы алғанда кибер спорттың 5 түрі бойынша жарысуға болады. Солардың бірі – КонтрСтрайк. "Қазақтелеком" байланыс операторы он-лайн тәртібінде түрлі ойындар ұйымдастырып, оларға қолдау көрсетуде. Осылайша, отандық ойыншылар өзге ел геймерлерімен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.Әділ Қоспанов, "Қазақтелеком" АҚ менеджері: - Біздің желі және кең жолақты интернет арқылы бұрын соңды мүмкін болмаған турнирлерді ұйымдастыра аламыз. Қазіргі жаңа технологиялардың көмегімен кез-келген қалада отырып, ойынға қатысуға болады.

Әлем елдерінде киберспорт тек жастардың ғана емес, үлкендердің де сүйікті ойыны болып есептеледі.

"Қазақтелеком" халықаралық он-лайн турнирге қатысатын жергілікті командаларға қолдау көрсетуде.

16 команданың арасында 3-орынды жеңіп алдық.

Наргиз Қадырова, команда капитаны: - Ойынның шарты бойынша қарсылас екі командада 5 адамнан болуы шарт. Біз осы уақытқа дейін ТМД елдері арасында ұйымдастырылған турнирге қатыстық. Жарыс Киевте өтті. Онда 16 команданың арасында 3-орынды жеңіп алдық. Турнирде Ресей, Беларусь және өзге ел геймерлері бақ сынасты.Ал, Қазақстан тарапынан турнирге 70-тен астам біріккен команда қатысты. Жеңімпаздарға компьютер, клавиатура секілді сыйлықтар табыс етілді. Бас жүлдені иемденгендер – мегалайн қызметіне тегін қосылып, 1 жыл бойы аталған қызмет түрін тегін пайдалануға мүмкіндік алды.

Новости Казахстана
Қазақстанда кибер спорт түрлерінен он-лайн турнир өтті
Mailfire view pixel