Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Еркін Ізбасар қылмыстық іс куәгерінің қыз зорлағанын естіп, қорқынышын жасырмады (фото)

Опубликовано:

Ақтөбедегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатқан істе мұнай ұрлығына қатысты эпизодтар талқыланып жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Атышулы Еркін Ізбасар қылмыстық істе өзіне куәгер болған адамның бұрын қыз зорлағанын айтып, одан қорқып отыр
Сот процесі кезіндегі Еркін Ізбасар. Фото: Nur.kz: UGC

Кен орындарынан мұнайдың қалай ұрланғанын тәптіштеп айтып берген куәгер Еркетаевқа сотталушы Еркін Ізбасар шүйлікті.

«Еркетаев, жаңа прокурор сені бұрын сотталған деп айтты, сен бұрын не үшін сотталдың? Мұнайға қатыстысы керек емес, жаңа прокурор қыз зорлаған деді ма, менің құлағым естімейді. Білгім келеді, қыз зорладың ба? Мен сені бұрыннан білемін. Шыныңды айтшы, баяғыда сендер қыз зорлап түстіңдер емес пе? Моншамен айналыстыңдар. Айтшы, шатылған жоқсың ба? «Атагер» деген монша бар. Жауап берсін, мен бұдан қорқып тұрмын. Бұл менің тағдырым, танымайтын адам маған куәгер болып келіп тұр. Айтсын, ол менен қорықса, мен бұдан қорқып тұрмын»,-деді Еркін Ізбасар.

Сот төрағасы бұл сұрақтың қылмыстық іске қатысы жоқтығын айтып, алып тастады. Сотқа шақырылған куәгерлер қылмыс әлемінің серкелері қалай қорқытқанын айтып жатыр.

«Өзім Шалқарданмын, Байғанин ауданындағы мұнай бұрғылау орнында жұмыс жасадым. Бізді қорқытқаннан кейін мұнайды жасырып саттық. Басқа амалымыз болған жоқ. 15 күнде екі машина мұнай шығарып беріп тұрамыз. Байғаниннің балаларынан Қайрош Ізтұрғанов ешкімді аямайтын қатаң адам деп естідім. Олар бізге келіп тиісті. «Таяқ жейсіңдер» деп қорқытты. Ол кен орындарына билік жасаған мықты беделді адам. Қайроштан қорықтық. Олар бізге түнде келеді. Кез келген кезде бізді шығарып алады. Кен орындарына олар емін еркін кіріп жүрді. Көрінбеу үшін машиналар түнде жасырын келеді. Жарықтарды сөндіріп қоямыз, тиеп алып кетеді», - деді мұнай компаниясының оператор маманы.

Куәгерлер заңсыз мұнай саудалаушылардың түңгі мезгілде келетінін айтып жатыр. Олар жер астынан шыққан мұнайдың суын көбейтіп көрсетіп, артық қалған мұнайдан пайда тауып отырған.

«Сен Шалқарда тұрасың ба, Шалқардансың ба? Әй, көке Байғанин қайда, Шалқар қайда? Отбасым үшін қорықтым дейді. Сонда Шалқарға барып отбасымды ұрады деп ойладың ба? Еркін ақша сұрап жатыр деп айтқан жоқ па? 50 теңге 1 тиын деген әңгіме болды ма? Сонда сен қорқып отырып, мұнайды сатасың, қорықпағанда қаншаға сатар едің?», - деді Еркін Ізбасар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1718654-atysuly-erkin-izbasar-kylmystyk-is-kugerini-kyz-zorlaganyn-estip-korkynysyn-zasyrmady-foto/

pixel