Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгерім Қалаубаева көпшілік алдында аяғының қисық екенін мойындады

Опубликовано:

Үнемі әдемі келбеті мен мінсіз суреттері арқылы көпшіліктің қошеметіне ие болып жүрген Әйгерім Қалаубаева аяғының қисық екенін жасырмай айтты деп хабарлайды «Әйел сыры» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйгерім Қалаубаева. Фото: Instagram
Әйгерім Қалаубаева. Фото: Instagram: UGC

Әншінің желідегі бір миллионнан астам оқырманы әдемі суреттеріне қарап, оны мінсіз деп ойлайды. Алайда, Қалаубаева кемшілігі жайлы өзі айтып берді.

Әйгерімнің осы уақытқа дейін бәрінен жасырып келген құпиясы аяғының қисықтығы екен.

«Аяғым шынында да қисық негізі. Жарайды көрсете салайыншы», - деген әнші, эфирде сырымен бөлісті.

Айта кетейік, Әйгерім Қалаубаева бағдарлама барысында хитке айналған «Сағынбаймын» әнін орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718506-jgerim-kalaubaeva-kpsilik-aldynda-aagyny-kisyk-ekenin-mojyndady/

pixel