Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер адамдардың неліктен шашсыз қалатынын анықтады

Опубликовано:

Трихолог мамандар бұзылған шашты қайта қалпына келтіру мен оны аман сақтаудың жолдары жайлы ашып айтты деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Үнемі күйзелісте жүру, керек дәрумендердің жетіспеушілігі тек ағзаға ғана кедергісін келтірмейді. Ол бірінші кезекте шаш пен тырнаққа әсерін тигізеді екен.

Сау адамның шашы күніне 50-100 талдан түсіп тұрады. «Егер шаштың түсуі бұдан көбейсе немесе айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, сапасы төмендесе, мамандардың көмегіне жүгіну керек», - дейді трихолог маман.

Шаштың өз қалпынан өзгеруіне ішкі ағзалардың ауруы да әсерін тигізеді.

Төменде сіздерге шашты үй жағдайында, қолжетімді заттармен емдеудің әдісін ұсынамыз.

Кастр маскасы

Кастр майын жылытып шашыңызға жағасыз. Содан-соң сыртынан орап, біраз уақыттан соң сусабынмен жуып тастайсыз. Екі-үш ай бойы пайдалансаңыз шашыңыз өз әдемілігіни арттырады. Айта кететіні, аталмыш масканы аптасына бір немесе екі рет жасау жеткілікті.

Пияздан жасалған маска

Халық арасында кеңінен тараған бұл әдіс шаштың түсуін тоқтатып, ұштануды жояды. Тек бір кемшілігі – шашыңыздан күн ұзаққа пияздың иісі шығып жүреді.

Масканы дайындау үшін, екі ас қасық майдаланған пияз бен дәл сондай көлемдегі сарымсақты араластырасыз. Енді осы қоспаны басыңызға ағып, сыртынан орап, бір сағат күтесіз. Белгілі уақыт өткен соң сусабынмен жуып тастаңыз.

Қыша (горчица) маскасы

Шаштың беріктігін сақтау үшін қыша маскасы ежелден қолданылып келеді. Бірақ бұл қоспаны өте сақ қолдану керек. Себебі, мұны қолдану үшін біріншіден шашыңыз майлы шаш типіне жату керек, Екіншіден, шаш түбін қатты қыздыратын болғандықтан күйіп қалу қауіпі бар. Бет терісі мен көзіңізге қоспаның тиіп кетуінен абай болыңыз. Аталмыш масканы дайындау үшін сізге қыша, екі шәй қасық коньяк пен екі жұмыртқа керек. Дайын болған қоспаны басыңызда 15 минут ұстасаңыз жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1718451-drigerler-adamdardy-nelikten-sassyz-kalatynyn-anyktady/

pixel