Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйленбеген жігіттің 19 баланың әкесі екені анықталды

Опубликовано:

28 жасар жапон жігіті Мицутоки Шигета сотта бірден 19 баланың әкесі атанды деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Многодетный отец. Фото: YK-news.kz
Многодетный отец. Фото: YK-news.kz: UGC

Сот талқылауы үш жылға созылған. Таиланд полициясы 2014 жылы Бангкоктағы зәулім пәтерде табылған тоғыз нәрестенің ДНҚ арқылы әкесі бір адам екенін тапқан. Кейінірек тағы төрт бала табылды. Бұл сәбилерді де жапондық жігіттен Таиландтағы суррогат аналар дүниеге әкелген.

Тергеу барысында Шигета миллионердің баласы екені, ол үйленбей-ақ көп балалы әке болуды қалағанын анықталған. Үндістандағы және Таиландтағы суррогатты аналар оған барлығы 19 бала туып берген. Сондықтан оны әкелік құқығынан айырып, адам саудасы бабымен айыптаған.

Айта кетейік, сотта көп балалы әке олардың барлығын өз қамқорлығына алу үшін дәулеті жеткілікті екенін дәлелдеп шыққан. Сонымен қатар, ол балалардың барлығын Жапнияға әкету құқығына қол жеткізген. Мицутоки әлі үйленбеген бойдақ, бірнеше компанияны басқаратын дәулетті жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1718378-jlenbegen-zigitti-19-balany-kesi-ekeni-anyktaldy/

pixel