Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жан Ахмадиев баласын тастап кететін еркектерді сынап тастады (видео)

Опубликовано:

Заманауи жырау Жан Ахмадиев Нұрғали Нұрислам есімді балақаймен бірге «Тірі жетім» атты жаңа туындысын жарыққа шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жан Ахмадиев. Фото: Интернет
Жан Ахмадиев. Фото: Интернет: UGC
«Анамнан артық болды, бейтаныс басқа қатын», - деп әкесінің өзгеге кеткеніне кінәған өлең жолдары, қазіргі тірі жетімдердің тағдырына негізделген.

Анасымен қалған бала мен баласын сағынған әкенің диалогы ретінде шығарылған туындыны халыққа ұсынған Ахмадиев, қоғамдағы дертті қағазға түсірген.

Бейнебаяны арқылы, әкелерге ой салмақ болған жырау «Бұл бейнебаян отбасын тастап, алдамшы ләззат үшін басқа қатынның артынан кеткен еркектерге арналады! Сәбилерді тастамайық! Балалар бақытты болуға тиіс! Әкелер, ойланайық», - деп жазып қойды.

Ал, бейнебаянды тамашалаған көпшілік «Адамның жүрегін елжіретеді екен», «Әкелер, балаларымызға ие болайық», «Қазіргі адамдар, қазіргі жетімдер» деп пікір қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718114-zan-ahmadiev-balasyn-tastap-ketetin-erkekterdi-synap-tastady-video/

pixel