Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар адамдардың неліктен етбетімен жерленетінін анықтады

Опубликовано:

Швед археологтары жүздеген қабірлерді зерттей келе, ерте заманда адамдарды неліктен етбетімен жерлегенін анықтады.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: UGC

Бұл туралы segodnya.ua басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Адамдардың шалқасынан емес, етбетінен жатқызылып жерленгені сирек те болса кездеседі. Осыған орай, швед ғалымдары арнайы зерттеу жасап, қоғамда сынға ұшыраған немесе жағымсыз іс-әрекетімен танылған адамдардың осылай жерленетінін болжап отыр.

Ғалымдардың пікірінше, халықтың сыйынан қағылып, қандай да бір қылмысымен көзге түскендерді дәл осылай жазалаған.

Швед археологтары етбетінен жерленгендердің қол-аяғы байланғанын да байқаған. Болжам бойынша, оларды тірідей көміп тастауы да мүмкін. Ал ерте замандағы кейбір қабірлерден тік отырған күйі жерленгендер табылды. Бұлар қоғамда жоғары лауазымды иеленгендер болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1717965-galymdar-adamdardy-nelikten-etbetimen-zerlenetinin-anyktady/

pixel