Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік тұрғын жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын айтып берді

Опубликовано:

Ақтөбе тұрғыны отбасымен бірге жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын "Тілшіге" айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Islam.kz
Көрнекі фото: Islam.kz: UGC

Қаланың іргесіндегі ауылдардың бірінде тұрған ол үнемі отбасы мүшелерінің мазасы қашып жүргенін жеткізді.

"Біз жалдап тұрған тұрған үйіміз ескі болды. Бізбен бірге тұратын студент құда баламыз үйге кіруден шошып, үлкендер келгенше далада күтіп отырған. Сөйтсек, үйдің ішінде оны бір елес мазалайтын болса керек. Тағы бірде, сырттағы әжетхананың жанынан кішкентай баласы бар әйел бейнесі кетпей қойды. Өз үйімізден өзіміз қорқа бастадық", — деген тұрғын ата-анасымен бірге ауылға көшіп кеткен.

Көшеде жын кіріп кеткен адамдарды бірден байқайтынын алға тартқан тұрғын Ақтөбенің ескі бөлігіндегі үйлердің бірінде де жындар жиі кезігетінін айтады.

Сондай-ақ ер адам бойына жын кірген қыздан жынды қалай қуып шыққанын да айтып берді.

"Өз басым студент қыздың бойынан дем салып, жынын шығардым. Қасымызда жүрген қыздар мен жігіттер біледі. Жын кірген сәтте олар басқа бөлмелерге қашып кеткен. Ең болмағанда екі-үш жігіт келіп, көмектессе дейсің ғой. Өйткені, бойында жыны бар адам әл бермейді. Анау-мынау ер адамдарды жерге атып ұрады. 4-5 еркек жабылғанда әлдері жетпей жатады", — дейді ақтөбелік тұрғын.

Әлгі бойжеткеннің бойынан жынын шығарып берген соң, ол жағдайдың қалай болғанын да сұрастырған.

"Қыздың айтуынша, көзі көрмей қалады, су қараңғы жерге қара киім киген жындар бірінен соң бірі кіріп, қатарымызға қосыласың деп қорқытатын сияқты. Қол-аяғынан жабылып ұстап алып, сілікпесін шығарады екен. "Әйтпесе, өлтіреміз" деп қылғындырады. Адам сол кезде жан дауысы шығып, айқайлай бастайды. Күші де еселенеді. Менің түсінігімде дем салу — құран сүрелерін оқып, жындарды қайтару. Жындар лас жерде жүреді. Үйде құран болса, оны жоғарыға алып қоюдың қажеті жоқ. Үнемі оқып жүру керек. Жындар құран оқылатын жерде аз болады немесе мүлдем болмайды", — дейді жігіт.

Бүгінде әңгімелесушіміз ауылда баспана жалдап тұрады. Әрдайым қолынан құран тастамай, сүрелер оқып жүретінін айтады.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717873-aktbelik-trgyn-zyn-zajlagan-jden-kalaj-kasyp-ktylganyn-ajtyp-berdi/

pixel