Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытты болу үшін адамға қанша ақша керек?

Опубликовано:

Америкалық психологтар әлем бойынша бақытты адамның жалақысын есептеп берді. Олардың айтуынша, ең оптималды табыс жылына 95 мың доллар, ал эмоционалдық қанағат үшін 60-75 мың доллар да жетеді екен. Бұл туралы Vesti.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото / Twitter
Фото / Twitter: UGC

Нақтырақ айтқанда, әр елдегі бақытты адамның жалақысы әртүрлі болып келеді. Мәселен, Австралия тұрғыны өзін бақытты сезіну үшін жылына 125 мың доллар алуы керек. Солтүстік Америка тұрғындарына 105 мың, Батыс Европалықтарға - 100 мың доллар қажет.

Шығыс Европада жағдай мүлдем басқаша. Ол жердің тұрғындарына 45 мың доллар да жетеді. Ал Оңтүстік Америкада 35 мың доллар екен.

Айта кету керек, Gallup консалтинг компаниясының бүкіләлемдік рейтінгісі көрсеткендей, адамның жалақысы оптималды бағадан көп болған сайын, адам аз қуанатын болады.

Оған қоса психологтар қызық тұжырымдама жасады: адамда ақша аз болған сайын, қалауы көбірек болады екен. Сондай-ақ, әйелдерге қарағанда еркектер өздерін анағұрлым бақыттырақ сезінетін көрінеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717222-bakytty-bolu-sin-adamga-kansa-aksa-kerek/

pixel