Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова Баянның шақыруына жауап берді

Опубликовано:

«Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі» деген Мөлдір Әуелбекованың сөзінен соң, Баян Мақсатқызы бұрынғы шәкіртін бетпе-бет кездесуге шақырған болатын. Міне енді бұрынғы продюсеріне жауап берді деп хабарлайды "Gakku" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова & Баян Мақсатқызы. Фото:NUR.KZ
Мөлдір Әуелбекова & Баян Мақсатқызы. Фото:NUR.KZ: UGC

Баян Мақсатқызының жазбасын бірінші болып оқығандардың қатарында әнші де бар екен.

«Бәрі жіберді, ол жазбаны. Әрине, оқыдым. Бұндай жағдайлар талай рет болған. Менің етім әбден үйренген. Мен бұған мүлде назар аудармаймын. Мен бұл тақырыпқа, «Keshyou» тобына қатысты мәселелерге мән бермеймін», - деді Әуелбекова.

Әнші бұрынғы продюсерінің шақыруына, бірлесе БАҚ-қа сұхбат беруге қалай қарайтынын да айта кетті.

«Мен неге сұхбат беруім керек? Сұхбатты уақытында бірге бергенбіз. Мен ол кітапты жапқанмын. Ал, жабылған нәрсені қайта ашудың керегі жоқ», - Мөлдір Әуеелбекова

Оқырмандар болса, «Өзің бастап, неге өзің қашасың?», «Баянның мінезін бәріміз білеміз. Бірақ, бұл жерде Мөлдірдікі дұрыс болмады. О баста неден болды керістерің ,не істеп жақпай қалды Баянға?! Бір шикілік бар-ау! Ерке, Жанарлардың ізіне неге түспейді?Керісінше оларға ақ жол тіледі. Демек, өзіннен де бар ма деп ойлап қалдым»,

«Баянның арқасында танымал болдың. Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бір шикілік бар сияқты, Мөлдір қорқып тұр» деп өз ойларын білдірді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1717040-mldir-uelbekova-baanny-sakyruyna-zauap-berdi/

pixel