Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша миллионер бар?

Опубликовано:

Соңғы бір жылда Қазақстандағы миллионерлер саны 8 пайзызға артты. 2015 жылы елдегі бай адамдардың саны 6,9 мың болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 7,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ptel.cz
Көрнекі фото: ptel.cz: UGC

Knight Frank деректеріне сәйкес, 2006 жылы Қазақстандағы долларлы миллионерлер саны (дәулеті $1 миллионға жететін) 3,4 мың адам болатын, ал 10 жылдан соң 6,7 мың адамға дейін жетті. Ал 2026 жылға қарай олардың саны 10,7 мың адам болады.

Ауқаты $10 миллионнан асатын мультимиллионерлер 2006 жылы 260 адам, ал 2016 жылы 520 адам болды. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2026 жылы олардың саны 830-ға жетеді.

2006 жылы Қазақстанда таза табыс деңгейі жоғары (UHNWI), 30 миллион доллардан астам инвестициялық активтері бар 120 адам өмір сүрсе, 2016 жылы олардың саны 230 адамды құрады. 2026 жылы осы көрсеткіш 370 адамға жетуі мүмкін. Ал 100 миллион доллар активі бар қазақстандықтар 15 болатын, былтыр 29 адамды құрады, ал 2026 жылы олардың саны 46-ға жетуі ықтимал.

Сарапшылардың айтуынша, ауқатты қазақстандықтардың саны 2016-2026 жылдар аралығында 60 пайызға өседі (7,5 мың адамнан 11,9 адамға дейін).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716962-kazakstanda-kansa-millioner-bar/

pixel