Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әулие Валентин күні" туралы Алматы жастарының пікірі қандай?

Опубликовано:

14 ақпанда Батыс елдері әулие Влентин күні деп, махаббат мерекесін тойлайды. Қазақстанда ғашықтар мерекесі, яғни "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнін" 15 сәуірге белгілеген. Ал еліміздің жастары махаббат мерекесіне қатысты қандай пікірде? Олар мерекені қай күні атап өткенді жөн санайды? Бұл туралы NUR.KZ порталы анықтап көрді.

Жанель. Фото: NUR.KZ
Жанель. Фото: NUR.KZ: UGC

"Меніңше, елімізде бұдан да маңызды мерекелер бар. Мәселен, Отан қорғаушылар күні. Бірақ мен ғашықтар күнін 14 ақпанда тойлауды құптар едім. Себебі осы дәстүр қалыптасып қалған ғой", - дейді Жанель.

"Қазақ халқы үшін 14 ақпан мереке емес. Ал 15 сәуірде Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнін атап өтеміз. Дегенмен әзірге кездесетін қызым жоқ", - дейді Нұрым есімді жігіт.

Нұрым. Фото: NUR.KZ
Нұрым. Фото: NUR.KZ: UGC

Ал кейбіреулер ғашықтар мерекесін қыста да, көктемде де атап өтпейді екен.

"Мен бұл мерекені ешқашан тойлаған емеспін. Бірақ 14 акқпанда атап өткен дұрыс сияқты. Біз соған үйреніп қалғанбыз", - дейді Ұлпан.

Ұлпан. Фото: NUR.KZ
Ұлпан. Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетейік, әулие Валентин күнін тойлауға кей елдер тыйым салған. Мәселен Пәкістан, Индонезия, Индия, Малайзияда мерекені атап өтуге рұқсат жоқ. Ал Иран мен Сауд Арабиясында махаббат символикасын сатуға да болмайды.

"Иә, біз 14 ақпанды тойлап, бір-бірімізге сыйлық береміз", - дейді Сұлтан.

Сұлтан мен Саида. Фото: NUR.KZ
Сұлтан мен Саида. Фото: NUR.KZ: UGC

Ал оның жанындағы Саида есімді қыз екеуінің қалай танысқандарын айтып берді.

"Біз сауда үйінің жанында таныстық. Мен қоғамдық көлікпен үйіме бара жатқанмын. Сұлтан мені көріп қалып, телефон нөмірімді сұрадым. Мен айтпаған соң, ол мені күнде сол жерде күтетін еді. Содан кейін әлеуметтік желідегі аты-жөнімді айттым. Сөйтіп біз сөйлесіп кеттік. Кездесіп жүргенімізге бір жыл болды. Бірақ әлі жасымыз 18-де болғандықтан, үйлену туралы ойламаймыз".

"Біз бүгін киноға барып, қыдырып қайтамыз. Бірақ сыйлық беріп, арнайы атап өту деген жоқ. Ал 15 сәуірде мерекені мүлдем ескермейміз", - дейді Дәулет.

Дәулет пен Дина. Фото: NUR.KZ
Дәулет пен Дина. Фото: NUR.KZ: UGC

Оның кездесетін қызы Дина да жігітімен бір ойда екен: "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні елімізде соншалық танымал емес. Барлығы оның мереке екенін біліп, қолдай бермейді".

Осылайша жастардың жауабына қарап, олар үшін мерекені қай күні тойлау маңызды емес екенін аңғаруға болады. Бастысы махаббат мерекесін атап өтетін ғашығың болса болғаны. Жалпы алматылықтар бұл мерекені қыста да, көктемде де екі рет тойлауға дайын екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716830-ulie-valentin-kni-turaly-almaty-zastaryny-pikiri-kandaj/

pixel