Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіне "күң" болған келіншек балаларын қайтара алмай, егіліп жылады (фото)

Опубликовано:

«Кемпірге үйленген жігіт» деп бүкіл Қазақстанды шулатқан ерлі-зайыптылардың өмірі бүгінде ел ауызында. Келіншегін «кемпір» деп атамауды сұраған азамат редакциямызға хабарласып, шындығын айтып берген болатын. Беташар жасап, үшінші рет тұрмысқа шыққан Гоззал Көшмұратова да өз тағдырын NUR.KZ тілшісіне жылап отырып баяндады.

Күйеуіне "күң" болған келіншек балаларын қайтара алмай, егіліп жылады (фото)
Күйеуіне "күң" болған келіншек балаларын қайтара алмай, егіліп жылады (фото): UGC
«Мен 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеге келген Өзбекстан азаматшасымын, тоғыз класстық білімім бар. Төртінші класста оқып жүрген кезден бастап арақ зауытында жұмыс жасадым. Туған шешем тастап кеткен, өгей анамның қолында тәрбиелендім. Өзімнің туған әкемді көптен көрген жоқпын. Ол кісіні де кеше «VK» желісінен таптым.

15 жасымда Қарақалпақстаннан Маңғыстау облысынан келдім. Үш айдан кейін өзімнен жеті жас үлкен Рзабек Қамыспаев деген азаматқа тұрмысқа шықтым. Сол жігітпен бес жыл бірге тұрдық. Ол кісі бала көтермегенім үшін үйінен қуып жіберді. Ол кезде менің жеке құжатым да болған жоқ.

Ажырасқаннан кейін бір айдан кейін тағы отбасын құрдым. Өзімнен төрт жас үлкен Кемаладин Абуталиев есімді азаматқа тұрмысқа шықтым. 13 жыл бірге тұрдым, одан үш балам бар. Бірақ ол адамның маған көрсетпегені жоқ. Жарға ұрып, басымды да жарды. Көзімнің көрмей қалғаны соның ұрғанынан. Көрмеген қорлығым жоқ, үйде қамап ұстады», - деп ағынан жарылды Гоззал Көшмұратова.

Келіншек күйеуі ішіп келген кездері балаларымен үйінен безіп кететін кездерін де есіне алды.

Күйеуіне "күң" болған келіншек балаларын қайтара алмай, егіліп жылады (фото)
Күйеуіне "күң" болған келіншек балаларын қайтара алмай, егіліп жылады (фото): UGC
«Ол ішкен кезде біреуіміз терезеден, екіншіміз есіктен балаларыммен бірге безіп кетеміз. Мен ол қорлықтан қашқым келді, шаршадым. Бір күні «VK»-ға кіріп отырғанымда Қанат Дүйсенов деген жігітпен сөйлестім. Сегіз айдай хат жазысып тұрдық. Енді қазір сол азаматқа тұрмысқа шығып отырмын.

Бұл кісі бірге болуға уәде берген кезде бұрынғы күйеуімнен қашып шығудың жолын іздедім. Ол жұмысқа кеткен кезде Атырау облысына билет алып өзім қашып шықтым. Қазір бақыттымын, қасымда өзім сүйетін, өзімді сүйетін адам бар.

Тек қасымда балаларым болмағаннан кейін бақытымды толық сезіне алмай жүрмін. Оларды уайымдаймын, жағдайлары қалай, тамағы тоқ па, әкесі ішіп келіп балалардың мазасын алып жатқан жоқ па деп бүлдіршіндерімді сағынып отырмын. Балаларымды қасыма алғым келеді», - дейді келіншек.

Айтуынша, келіншектің құжаттары да дұрыс емес екен.

«Қазіргі уақытта менің құжатым жоқ. Көші-қон полициясынан алған уақытша құжатпен қашып келіп отырмын. Мен құқымды қалай қорғаймын? Балаларым мені жақсы көреді. Кеше баламмен сөйлескенде әкелері менің үстімнен арыз жазып жібергенін айтты. Балам жылап отыр.

Мен үш баламды қалай аларымды білмей басым қатты. Ол адам маған балаларға алимент төлеуді және 13 жыл отасқан кезде жұмсаған ақшаларын төлетпек екен. Өзімнің заңнан хабарым жоқ. Ондай мүмкін бе? Полиция келіп мені алып кете ме деген қорқыныш бар.

Менің құжаттарым да дұрыс емес. Туу туралы құжатымда менің атым - Гоззал. Ал балаларымның құжатында шешесі деген жерде Ару деп жазулы тұр. Арызды қайда барып жазарымды да білмеймін.
Қайын апам соттың күзетшісі болып жасайды. Оның пагоны болғаннын кейін мені қорқытады. Ол адам мені аналық құқымнан айырамын деп қорқыта береді. Маған көмектесіңіздерші», - деп көз жасын төкті Көшмұратова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716254-kjeuine-k-bolgan-kelinsek-balalaryn-kajtara-almaj-egilip-zylady-foto/

pixel