Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: Тамара, сен осы жұмыстан шаршадың ба?

Опубликовано:

Мемлекет басшысы бүгін үкімет отырысында өзін-өзі қамтыған азаматтар мəселесін көтеріп, онда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенованы сынап тастады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Тамара Дүйсенова. Фото желіден алынды
Тамара Дүйсенова. Фото желіден алынды: UGC

Президент өзін-өзі қамтыған азаматтар мəселесін күні бүгінге дейін шеше алмай келе жатқан еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға шүйлікті.

"Айтшы, Тамара, сен əлде осы жұмыстан шаршадың ба?",-деді мемлекет басшысы.

Ал министр өз кезегінде "соңғы жылдары 1,8 млн адамның өзін-өзі қамтығандар санатына енгізілгенін, олардың 500 мыңы жалдамалы жұмысқа орналасқанын" айтып ақталды.

" Осыны менің сұрап жүргеніме 5 жыл болды",-деді елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716082-elbasy-tamara-sen-osy-zmystan-sarsady-ba/

pixel