Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда кенеттен жер опырылып, бірнеше адамды жұтып қойды

Опубликовано:

Гуандун провинциясының орталығындағы автомобиль жолында жер ортасына опырылып кетіп, бірнеше адам қаза тапты деп жазады Sn.kz.

Қытайда кенеттен жер опырылып, бірнеше адамды жұтып қойды
Қытайда кенеттен жер опырылып, бірнеше адамды жұтып қойды: UGC

Қайғылы оқиға 7 ақпан күні сегіз жолақты автомагистральда болған. Опырылған жол 11 адамды бірден "жұтып" жіберген.

Олардың 8-інің мәйіті табылып, үшеуі іздестірілуде. Сонымен қатар, 9 адам құтқарылған.

Шұңқырдың тереңдігі 7 метр шамасында, ал көлеміне 2 баскетбол залы сыйып кетеді.

Алдын ала ақпарат бойынша, жердің опырылуы ағып жатқан құбырдың жарылуы салдарынан болған.

Құбырдан аққан су алдымен жолдың астындағы метроның құрылымын зақымдаған. Содан жер ойылып түсті деген болжам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1715964-kytajda-kenetten-zer-opyrylyp-birnese-adamdy-ztyp-kojdy/

pixel