Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында таксиге отырған 24 жастағы жас жігіт жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Алматы облысы Шемалған ауылының 1994 жылы туған тұрғыны Иман-Зуппар Темірхан іс-түзсіз жоғалып кетті. 6 ақпан таңертең Қаскелеңге бару үшін таксиге отырған жігіттің туыстары одан екі күн бойы еш хабар жоқ екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысында 24 жастағы жас жігіт жоғалып кетті (фото)
Алматы облысында 24 жастағы жас жігіт жоғалып кетті (фото): UGC

Бауырының жоғалып кеткені туралы оның туысы Асхат Сейітов жеткізді.

"Екі күн бұрын Иман-Зуппар Алматы облысындағы Шемалған ауылынан Қаскелең қаласына жету үшін таксиге отырған. Шамамен таңғы сағат 10 жарымдарда. Ол Қаскелеңге барып, одан жұмысына жетуі керек болатын. Сол күні ол жұмыс бабымен клиенттерімен кездесуі керек еді. Оны қалаға дейін жеткізіп салған таксист табылды. Бүгін түстен кейін одан тергеуші жауап алады", - деді ол.

Алматы облысында 24 жастағы жас жігіт жоғалып кетті (фото)
Алматы облысында 24 жастағы жас жігіт жоғалып кетті (фото): UGC

Иман-Зуппар Темірхан 1994 жылы туған. Сол күні ол қара көк түсті күртеше, қара түсті бас киім мен шалбар киген. Бойы - 170 см, көздерінің түсі - қара.

Алматы облысында 24 жастағы жас жігіт жоғалып кетті (фото)
Алматы облысында 24 жастағы жас жігіт жоғалып кетті (фото): UGC

Егер қандай да бір ақпаратыңыз болса, төмендегі нөмірлер бойынша оның туыстарына хабарлауыңызға болады:

+7 (708) 339-99-36 (Асхат), +7 (702) 566-66-62 (Ислам)

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715821-almaty-oblysynda-taksige-otyrgan-24-zastagy-zas-zigit-zogalyp-ketti-foto/

pixel