Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев "ұйқыбас" шенділерді суретке түсіретін тілшілерді жазалауды талап етті

Опубликовано:

Ақтөбе облысының әкімі ұйықтап отырған шенеуніктерді сурет түсіріп алатын журналистерді жазалауды талап етті. Ол үшін Бердібек Сапарбаев шенеуніктерге тілшілерді сотқа беруге кеңес берген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сапарбаев "ұйқыбас" шенділерді суретке түсіретін тілшілерді жазалауды талап етті
Сапарбаев "ұйқыбас" шенділерді суретке түсіретін тілшілерді жазалауды талап етті: UGC

Аймақ басшысы жиналыста қалғып отыратын қарамағындағыларға емес, олардың қылығын жұртқа жариялағандарға өкпелеп отыр.

"Анау жиналысқа қатысқан жігіт подает в суд и защищает свою честь. А почему мы не должны защищать свою честь, как областной акимат?! Пусть докажет эта газета, что проходят там скучно, вяло. Где это было?! Ну, наконец, будете работать или нет, слушай?! Бірдеңе айтсам, вот жұма күні жинайын деп жатырмыз дейсіңдер", - деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетерлігі, жақында ғана әкімдікте өткен жиналыста қатысушыларды жаппай ұйқы қысқан. Оны жергілікті журналистер суретке түсіріп, газетке басып шығарыпты.

Бердібек Сапарбаевтың баяндамасын ұйып тыңдаудың орнына, ұйықтап тыңдағандардың әрекеті әлеуметтік желіде де сөз болды.

Бұған дейін тіпті қала басшысы Ілияс Испановтың өзі жиналыста ұйықтап кетіп, күлкіге қалған еді. Бірақ ол мұнысын осы күнге дейін мойындаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1715777-saparbaev-jkybas-sendilerdi-suretke-tsiretin-tilsilerdi-zazalaudy-talap-etti/

pixel