Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге әйгілі әнші екі апта бойы күйзеліс орталығында емделіп шықты

Опубликовано:

25 жастағы әлемге әйгілі әнші Селена Гомес Нью-Йорктегі клиникалардың бірінде күйзелістен емделіп шықты. Әнші орталыққа өз еркімен барған деп хабарлайды NUR.KZ.

Селена Гомес. Фото: Интернет желісінен
Селена Гомес. Фото: Интернет желісінен: UGC
"Селена клиникада екі апта емделді. Арасында жеке жұмыстарымен емханадан сұранып, шығып тұрды. Қазірде жағдайы жақсы", – деді жұлдыздың жақындарының бірі.
Селена Гомес. Фото: Интернет желісінен
Селена Гомес. Фото: Интернет желісінен: UGC

Әншінің сүйіктісі Джастин Бибер де оның бұл шешіміне қолдау білдірген.

Айта кететіні, Селена бірнеше ай бұрын бүйрек ауыстыру отасын бастан өткерген. Әншінің жақын құрбысы оған бір бүйрегін сыйға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715388-lemge-jgili-nsi-eki-apta-bojy-kjzelis-ortalygynda-emdelip-sykty/

pixel