Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Мақсатқызы өзі ойнаған әйгілі фильмнің жалғасын түсірмек

Опубликовано:

Осыдан 25 жыл бұрын көрерменге жол тартқан «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы түсірілмек. Бұл жайында Гүлназдың рөлін сомдаған Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Махаббат бекеті. Фото: Instagram
Махаббат бекеті. Фото: Instagram: UGC

Фильмде Гүлназ есімді бас кейіпкерге қос жігіт қатар ғашық болып қалады. Әскерден Орал сан мәрте хат жолдағанымен, ол белгілі себептермен арудың қолына тимейді. Ал, жігіт әскерден келгенде, Гүлназдың Жеңіс есімді азаматқа тұрмысқа шыққалы жатқанын естиді. Бірнеше жыл өткеннен соң Гүлназ бен Орал ең алғаш танысқан бекетте қайта жолығады.

“Махаббат бекетіне 25 жыл. Фильм кейіпкерлерінің тағдырын білетін уақыт жеткен секілді. Махаббат бекеті 2”, - деп жазды Баян Мақсатқызы.
Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram
Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715114-baan-maksatkyzy-zi-ojnagan-jgili-filmni-zalgasyn-tsirmek/

pixel