KZ

Райф Шумахер Ақтөбедегі картинг трассасын жасауға көмектесті

Расcказать Вконтакте

Ақтөбеде картинг алаңы ашылды.

"Формула-1" орталығы енді ақтөбелік әуесқой жастардың спортқа құштарлығын арттыра түспек. Картинг аумағы 4200 шаршы метр. Тас жолдың ұзындығы 1 шақырымға жуық.

Ирек жолға шыдамды қазір 15 спорттық машина бар. Техниканың барлығы Германиядан алынған. Ал алаңдағы қауіпсіздік шарасы басты назарда. Жол жиегіндегі кері серпігіш жұмсақ жақтаулар мен электронды көрсеткіш тақта орнатылған. Кәсіптік комбинизон, бас киім, арнайы бәтеңке мен қолғап кимей, жүргізуші жолға шығарылмайды.

Еуропалық стандарт бойынша жабдықталған орталық жанынан картинг мектебі де ашылды. Онда 14 пен 16 жас аралығындағы балалар жаттығатын болады.

Картинг трассасын жасақтауға Германиялық әріптестердің қосқан үлесі зор. Михайл Шумахердің інісі Райф Шумахер барлық іс тәжірибесімен бөлісіп, жобаны жасауға көмек көрсетті.

Александр Мишкой, кәсіпкер:Ақтөбе халқының көпшілігіне бұл әзірге таңсық дүние. Тұрғындардың тынығып демалуына барынша жағдай жасалған. Жалпы, картинг трассасын жасақтауға Германиялық әріптестердің қосқан үлесі зор. Михайл Шумахердің інісі Райф Шумахер барлық іс тәжірибесімен бөлісіп, жобаны жасауға көмек көрсетті.

Новости Казахстана
Райф Шумахер Ақтөбедегі картинг трассасын жасауға көмектесті
Mailfire view pixel