KZ

Жылдың үздік мәдениет мекемелері анықталды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Ақмола облыстық халық шығармашылығы орталығында "Үздік ауылдық мәдениет мекемесі" анықталды.

Ақмола облыстық халық шығармашылығы орталығында жылдың үздік ауылдық мәдениет мекемелері мен сала жеңімпаздары анықталып, сый-құрметке бөленді.

Дәстүрлі байқауға 14 ауданнан 9 үміткер анықталып алынған. Екі ай бойы әр ауылдық мәдениет ошағында болған қазылар алқасының мүшелері мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағдаятына, қызметкерлердің әдістемелік мүмкіндігіне, шығармашылық шеберлігіне, қоғамдық ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, жергілікті тұрғындармен ынтымақты байлансына ерекше назар аударды.

Соған сәйкес "Біз-бір команда" номинациясында Тельман ауылдық мәдениет мекемесі (Атбасар ауданы), Ұзынкөл (Астрахан), Оқжетпес (Бурабай), Знаменский (Есіл) ауылдық мәдениет мекемелеріне берілсе, Павлов (Ерейментау), Горняк (Шантөбе) "Үздік көркемөнерпаздар ұжымы", Белағаш (Жақсы) "Үздік ауылдық мәдениет ошағы", Новорыбин ауылдық мәдениет ошағының директоры Надежда Мизина "Үздік ауылдық мәдениет мекемесінің басшысы" номинациясының жүлдегері атанып, арнайы диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен бірге ауыл мәдениетін көркейтуге, оның материалдық жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосқан жергілікті меценаттар назар тасасында қалмай, алғысқа бөленді.

Новости Казахстана
Жылдың үздік мәдениет мекемелері анықталды
Mailfire view pixel