KZ

Литвада Қазақстан мемлекеттік шекті квартетінің концерті өтті

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Клайпедада өткен Ғазиза Жұбанова атындағы Қазақстанның мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің концерті Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне арналды.

Литваның ежелгі жоғары оқу орындарының бірі - Клайпеда университетінің залына жиналған көрермен қазақ музыканттарының өнеріне үлкен қошамет көрсетті. Римантас Тарашкявичус, Клайпеда қаласының басшысы: - Клайпедада осындай өнер ұжымы қонақта болып жатқанына мен өте қуаныштымын. Қазақстанмен арадағы байланыстың нығая түскені де қуантады. Бұл қарым-қатынас ары қарай жалғасын табады деп ойлаймын.Концертті Литвадағы Қазақстан елшілігі мен Клайпеда қаласындағы құрметті консулдық ұйымдастырды. Елшінің айтуынша, қазақстандық өнер ұжымының Литваға бұл сапары кездейсоқ емес. Себебі, 2011 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының тізгінін Литва мемлекеті ұстайтын болады.Ғалымжан Қойшыбаев, Қазақстанның Литвадағы төтенше және өкілетті елшісі: - Бұл концерт Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне арналды. Әрі еліміздің ішкі саяси өміріндегі ең маңызды оқиға - Астана Саммитінің өткеніне де көп бола қойған жоқ. Бір жарым сағаттық концерттік бағдарламада Бетховеннің, Шостаковичтің, Моцарттың шығармалары қамтылған. Сондай-ақ, литвалық корермендер Ғазиза Жұбанованың шығармаларын да үлкен сүйіспеншілікпен қабылдады.Дайва Кшанене, музыкатанушы: - Біздің Қазақстанмен достығымыз музыкадан бастау алған. Жәй музыка емес Бетховеннің, Шостаковичтің, Жұбанованың шығармалары алтын көпір болды. Мұның бәрі классикалық музыкалар. Әсіресе, Сіздердің ұлттық әуендеріңіз өте ұнады.

Біздің ең басты мақсатымыз – ұлттық музыкамыз бен қазақ сазгерлеренің шығармаларын насихаттау. Қай жерде болмасын бұл шығармаларды үлкен ықыласпен тыңдайды.

Ернар Мыңтаев, Ғ.Жұбанова атындағы шекті квартеттің жетекшісі: - Біздің ең басты мақсатымыз – ұлттық музыкамыз бен қазақ сазгерлеренің шығармаларын насихаттау. Моцарттың, Бетховеннің шығармаларын бәрі біледі. Ал біздің музыкамыз тың сарын, жаңа бағытқа толы. Қай жерде болмасын бұл шығармаларды үлкен ықыласпен тыңдайды.Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени байланыс жыл өткен сайын бекіп келеді. 2011 жылдың басында Клайпедада Қазақстан туралы көрме өтеді. Сондай-ақ, жоғары білім мен туризм саласында әріптестік орнату да жоспарда бар.

 

Новости Казахстана
Литвада Қазақстан мемлекеттік шекті квартетінің концерті өтті
Mailfire view pixel