KZ
Оңтүстік Қазақстанда жаңа цемент зауыты іске қосылды
Новости Финансы

Оңтүстік Қазақстанда жаңа цемент зауыты іске қосылды

Расказать Вконтакте

Жаңа тұрпатты цемент зауыты іске қосылды.

"Стандарт Цемент" ЖШС-і цементті дайындаудың "құрғақ әдісін" Қазақстанда бірінші болып қолға алып отыр. "Зауытта орнатылған заманауи жабдықтар энергетикалық шығынды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде цементтің өзіндік құнын арзандандатуға мүмкіндік бередіі", - деп мәлім етті зауыттың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген "Стандарт Цемент" ЖШС-нің директоры Бауыржан Сейітжанов.Жаңа зауыттың технологиялары мен жабдықтарын қытайлық компаниялардың бірі жасап отыр. Мұндай зауыттар бүгінде әлем елдерінде кеңінен танымал болып келеді.

"Материалдық және энергия ресурстары шығынын аз қажет ететін бұл зауыт жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Тағы бір өтетін жайт - экологиялық жағы. Мүмкін болатын жердің бәріне шаң сүзгілері орнатылған. Сондықтан да қоршаған ортаға ешқандай зиян жоқ", - дейді цех шебері Сергей Некипелов.

Материалдық және энергия ресурстары шығынын аз қажет ететін бұл зауыт жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Тағы бір өтетін жайт - экологиялық жағы. Мүмкін болатын жердің бәріне шаң сүзгілері орнатылған. Сондықтан да қоршаған ортаға ешқандай зиян жоқ

Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты - 1 миллион тонна М400 және М500 маркалы цемент шығару. Жұмысшылардың саны - 342 адам.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт 2011 жылдың бірінші тоқсанында толық қуатына шыққан кезде, жұмысшылардың саны екі есеге артпақ. 12 млрд. теңгеге түскен нысан құрылысының 2,5 миллиард теңгесі - кәсіпорынның өз қаржысы, қалған сома қарызға алынып отыр. 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии