KZ

Сан-Францискода 2010 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан жалауын көтеру рәсімі болды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Сан-Франциско қаласында 2010 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстан мұраларының күні деп жарияланды.

Сан-Франциско қаласында 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қала мэриясының ғимаратында Қазақстан жалауын көтеру рәсімі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі хабарлады. Қазақстанның құрметті консулы, "Шеврон" компаниясының бұрынғы президенті Кеннет Деррдің қолдауымен Сан-Франциско мэриясы ұйымдастырған рәсімге қаланың ресми тұлғалары мен корпоративтік жетекшілері қатысты.Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов Сан-Франциско мэрі Гэвин Ньюсомға жолдаған хатында: "Қазақстанның ұлттық мерекесі АҚШ-тың қарқынды дамып келе жатқан және әсем қалаларының бірінде аталып отырғаны мені қуантып отыр. Құрама Штаттар 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған ел еді, міне содан бері біздің елдеріміздің арасында сенімді стратегиялық серіктестік орнап отыр", деп атап көрсетеді. Г.Ньюсом мырза өзінің жауап хатында: "Біз бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесін атап өтудеміз және біз қаламызды қазақ халқымен шынайы достық байланыстырып отырғанын қуаттаймыз. ... Осыған байланысты, мен, Сан-Франциско қаласы мен округінің мэрі Гэвин Ньюсом 2010 жылдың 16 желтоқсанын Қазақстанның Сан-Францискодағы Мұралары күні деп жариялаймын!", деді.

Новости Казахстана
Сан-Францискода 2010 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан жалауын көтеру рәсімі болды
Mailfire view pixel